Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғышбай Жаманқұлов Назарбаевтың атына үндеу жолдап, араша түсуін сұрады (видео)

Қазақстанның халық әртісі, жақында ғана ақша жымқырды деген айыппен ұсталған Тұңғышбай Жаманқұлов ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына бейне үндеу жолдады.

апап

Мұхамедиұлы Жаманқұловтың президентке арнаған үндеуіне қатысты жауап берді (видео)


Бейне үндеу әртістің ұсталарынан бір апта бұрын, яғни 2016 жылдың 27 қазанында түсірілген.

Бейнежазба астындағы түсіндірмеде аталған үндеудің неліктен сол уақыттан бері жарияланбағаны айтылған.

“Бүгінгі күнге дейін бұл үндей Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың өтініші бойынша жарияланған жоқ. Ол соңғы сәтке дейін “Феникс” фильмін түсіру кезінде ақша жымқырды деген өзіне тағылған айыпқа қатысты құқық қорғау органдары тарапынан әділеттілік болады дегенге үміттенген еді. Алайда Жаманқұловтың кінәсі әлі дәлелденбегеніне қарамастан, оны 69 миллион теңге ақша ұрлады деген айыптау негізінде резонанс тудырған жағдайды есепке ала отырып, бұл жазбаны жария етуге шешім қабылдадық” деп жазылған.

Бейнематериалдың кімдердің атынан жарияланғаны нақты көрсетілмеген.

“Өзіңіз білесіз, мен сіздің екі жыл бұрынғы қабылдауыңызда болғанда Арыстанмен екеуміздің арамыздағы қарым-қатынас жайлы сұрағаныңызда мен сіздің кадрыңыз болғандықтан, министрліктің жұмысын енді бастап жатқандықтан артық ауыз ештеңе айтпап едім. Өйткені ол елдің қадірі, сіздің қадіріңіз, сіздің абыройыңызға байланысты болған соң жұмысын жаңа бастаған соң бұл жұмыста өте жауапты, қадірлі жұмыс істейтін шығар деген ойда болдым. Әрине, басқа жұмыстары жақсы болып жатқан шығар, бірақ менің төңірегімде болып жатқан ыңғайсыз жағдайларды сіздің құлағыңызға шалдырып, есіңізге салғанды жөн көріп отырмын. Міне, бір жылдан асты, Арыстанбек Мұхамедиұлы менің барлық жұмыстарымның алдына тосқауыл қойып, түсіріле бастаған кинома шектеу жасап, мемлекеттің бөлген ақшасын бізге жіберттірмей, әртүрлі сылтауларды айтып тоқтатып, ақыры ол ақшаның 90-нан астам пайызын “Қазақ елі” сериалына аударып жіберді”, – дейді актер.

Ол өз сөзінде министрдің “Қазақ еліне” ақша керек болып жатыр деп бір ауыз ескертсе, ешқандай қарсылық тумас еді дейді. Жаманқұлов, Мұхамедиұлы алдын-ала түсіндірсе, еліміздің абыройы үшін түсіріліп жатқан дүниеге ақша бөлінуіне түсіністікпен қарайтынын айтады. Бұдан соң әртіс, министрдің атына қатысты ауыр сөздер айтып, айыптаған Талғат Жәнібеков туралы да айтып өтеді. Ол мәлімдеме жасаған кезде, Жаманқұлов жас режиссерге қателік жасадың деп, өкінгенін де жасырмады.

“Енді сол кездерде біздің өнер академиясының студенті жасаған видое үндеуінен айғай-шу басталып кеткенін жұрт біледі. Мен өзім жеті қарындастың ағасы болғандықтан, өзімнің де қызым болғандықтан, бұл қыз бала жылап жатыр, осыған қысым жасалып жатыр деп айтылған соң, журналистпін деп келген қызға “бұл өсектің болғаны рас еді, мұндай өсекті естігенім рас еді” деп видео сұхбат беріп қойып едім. Ол кінәмді мойындаймын. Бірақ, кейін мен Арыстанмен түсініспек болып, алдына барып сөйлеспек болған кездердің бәрінде мақұл, мақұл деп құптамай, менің ісімді оңға бастырмай қоймайды. Кейін қастық жасап, мен басқарып отырған Қазақстан театр қайраткерлері одағын ыдыратып, Алматыдағы театр директорларына қоқан-лоққы жасатып, одақтан шығыңдар деген әңгіме жүргізіп, осындай ыңғайсыз әңгіме жасады”, – деді ол.

Алайда Алматыдағы алты театр Арыстанбектің ыңғайына жығылғанымен, өңірлердегі 48 театр Тұңғышбайды жақтап қала берген. Ол өз сөзінде өңірлерге қалай көмектескенін, сол себепті олардың ықыласы өзіне ерекше екенін де айтып өтті.

“Оншақты күн болды қаржы полициясының ең бір қатал тергеушілері келіп, менің төңірегімдегі адамдарды бопсалап, зорлап, болмаған нәрсені болды деуге дейін жеткізіп, қатты қинап жатыр”, – дейді актер.

Бұдан кейін актер, Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездескенін айтты. Онда актерді Ерлан Біләл алып барған. Кафеде өткен кездесу кезінде министр Тұңғышбайға қатты-қатты сөздер айтып, видео үндеу жасаған қыз үшін Жаманқұловты кінәлайтынын, егер теледидар арқылы кешірім сұрамаса алты жылға сотталатынын, әйел-бала шағасының қаңғырып қалатынын жеткізеді. Сөз соңында Жаманқұлов президенттен өзіне араша түсуін, азаматтық қорған болуын сұрайды.

 

 

Талқылау