Трамп көмегіне қайтарым ретінде Украинадағы сирек кездесетін жер металлдарды көздеп отыр
АҚШ президенті Дональд Трамп Американың көмегіне қайтарым ретінде Украинамендағ электроника мен басқа да жаңа технологиялардың маңызды құрамдас бөлігі – сирек жер металдарын алдыру туралы келіссөздер жүргізгісі келетінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Brandon Bell / Getty Images
Трамп журналистерге Украинамен келісім жасауды жоспарлап жатқанын айтты. Айтуынша Украина Американың көмегіне қайтарым ретінде сирек жер металдарды және басқа да заттар береді.
Украина да мұндай мәмілеге келісіп отыр. Өйткені Украина литий, уран және титан сияқты сирек жер минералдарына бай. Сирек кездесетін жер пайдалы қазбаларына қызығушылық танытқан Трамп әу баста Украина президенті Владимир Зеленскийден бұл түскен ұсынысты қабылдап отыр.
“Украинаны қорғауға көмектесу Американың экономикалық мүдделеріне сай. Себебі менің елім АҚШ өнеркәсібін көтеретін маңызды минералдарға бай”, – деді Зеленский.
Трамптың мәлімдемесіне жауап берген украиналық жоғары лауазымды шенеунік дүйсенбі күні кешке АҚШ бұл ресурстардың Ресейдің қолына өтіп кетпейтініне кепілдік берген жағдайда Украина сирек жер пайдалы қазбаларға қатысты келісімдер бойынша жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Басылымның мәләметінше, Украина өткен жылдың соңында Джо Байден әкімшілігімен пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлаған. Алайда Украина билігі Трамптың өзімен келісім жасау үшін оның қызметіне кірісуін күтіп, келісімге қол қоюды кейінге қалдырған.
Желтоқсан айында Украина үкіметінің делегациясы Вашингтонда америкалық бизнесмендермен кездесіп, маңызды пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алуды қамтитын әлеуетті іскерлік келісімдерді ұсынды.
Ал Шольц өз кезегінде Трамптың Украинаға әскери көмегінің қайтарымы ретінде сирек жер металдарын алуын өзімшілдік деп бағаладын. Ол болашақта елді қалпына келтіру үшін Украинаның өзіне ресурстар мен қаражат қажет болады деп есептейді.
Бұған дейін Зеленский Ресеймен келіссөз диалогын бастамас бұрын Трамппен кездесу туралы шарт қойған еді.