Трамп АҚШ-тың Украинадағы бейбіт келіссөздерге қатысудан бас тартатынын мойындады
АҚШ президенті Дональд Трамп егер тараптардың бірі келісімге кедергі келтіретін болса, келіссөзден бас тартатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Bloomberg Podcasts
Журналистер Трамптан Украинадағы соғысты "бір күннің ішінде" тоқтату әрекетінен бас тартуымыз мүмкін деген мәлімдемеге пікір білдіруін сұрады.
"Егер қандай да бір себептермен тараптардың бірі процесті күрделендіретін болса: "Сендер ақымақсыңдар, нақұрыссыңдар, қорқынышты адамсыңдар және біз қатысудан бас тартамыз" деп айтамыз. Бірақ олай болмайды деп үміттенемін", – деді ол.
Сонымен қатар президент "жақын арада" бітімгершілік келісім жасағысы келетінін айтты. Бірақ қай кезде екенін нақтыламады.
"Күндердің нақты саны жоқ, бірақ мүмкіндігінше", – деді Трамп.
Журналистердің "Украинаға қолдау көрсетуді тоқтатасыз ба?" деген сауалына Трамп нақты жауап бермеді.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды