Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Той шығыны аз болып, байланыс ажырамайды": Өзбекстанда туыстық некенің салдарынан генетикалық ауруға шалдыққан ұрпақ көбейген

Өзбекстанда биліктің туыстық некеге қарсы іс-әрекетіне қарамастан халық арасында жақындары арасында некелесу әлі де орын алуда. Бұл генетикалық ауруға шалдыққан ұрпақтың көбеюіне әкелуде. Алайда қарапайым халық туыстар арасындағы неке байланысты нығайтып, тойға жұмсалатын шығынды азайтатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Azattyq

Сирожиддин Тогаевтың ата-анасы туыс болса да некелескен. Салдарынан Сирожиддин мен оның әпкесі ерекше қажеттілігі бар болып туған. 

“Атам өз ұлына әпкесінің қызын алып берді. “Бізге қарайды, үй шарушылығымен айналысады” деп балаларын үйлендірді. Салдарынан әпкем екеуіміздің денсаулығымыз кінәратпен туылдық”, – деді ол.

Сирожиддин Тогаев бірінші топ мүгедегі. Ата-анасы Өзбекстандағы кейбір отбасы сияқты туыс адамдар. 

“Таңғы 7-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істеймін. Ағам бірінші топта мүгедектігі бар. Ол мотороллер айдады. Халыққа қызмет көрсетеді. Кешке келіп мені жұмыстан алып кетеді. Біз де мемлекетке қолымыздан келгенше қызмет етуге тырысамыз”, – деді Сирожиддиннің әпкесі Ойбохор Тогаева.

Сирожиддин жергілікті билік сыйға тартқан мотороллермен ауылда жүк тасиды. Мал өсіріп, егін шаруашылығымен де айналысады. Ал қарындасы Фируза отбасындағы жалғыз сау бала. 

“Қазір қиналып жүрміз. Анам 2014 жылы әкем 2018 жылы қайтыс болды. Үй шаруасын өзім істеймін. Себебі әпкем мен ағамның қолынан келмейді. Оларға өзім қараймын”, – деді Фируза.



Әйелдер комитетінде жұмыс істейтін Насиба Худобердиева туыстық некенің бірнеше себебін атады. 

“Туыс адамдар арамыз алшақтап кетпесін, бірге болайық деп құдаласады. Екінші себеп қазір той жасау қымбат. Көп шығын болмас үшін туыстар келісіп, үйлену тойын шама-шарқына қарай жасайды. Халық мұны өте жақсы түсінеді. Біз барынша ұрпағымыздың денсі сау болуы керек екенін ескертеміз. Бірақ мұндай жағдай әлі де жиі кездеседі”, – деді ол.

Билік ел арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бірақ туыстық неке толығымен жойылмаған. 

Өзбекстанда 2013 жылы 9014 баланың 796-сына генетикалық ауру диагнозы қойылған. 265 баланың ата-анасы өзара туыс болған. 

Талқылау