Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі қандай киноға түсіп жатыр?

Павлодардағы концерттен кейін ел көзінен тасада жүрген Төреғали Төреәлі шығармашылыққа білек сыбана кіріскен. Әнші баз бұрынғыша жиі-жиі әндер жазып, халыққа ұсынуда. Тек әзірге ешкіммен тілдеспейді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Даулы оқиғадан кейін елден кешірім сұрағанымен, сұхбаттардан бас тартып жүр. Тіпті, белгілі тележүргізуші Ләйля Сұлтанқызының жұрт алдында жасаған ұсынысын Төреш қабылдаған жоқ.

Есесіне Төреғалидің құр жатпай, фильмге түсіп жатқаны белгілі болды. Күні кеше Төреғали түсірілім алаңынан сурет жариялап, кино әлеміне қадам басқанын аңғартты. “Ұлы дала комедиясы” хэштегін белгілегеніне қарап, жұрт Төрештің фильмі осылай аталады деп ұқты. Оның растығын уақыт көрсетер.

Айтпақшы, әдеттегідей көпшілік Төреғалиді Қайрат Нұртастың ісін қайталады деп айыптауда. Бұдан бөлек, желідегі пікірлерге қарап, жұрттың әлі күнге дейін Павлодардағы оқиғаны ұмытпағанын байқауға болады.

Жіберіп алмаңыз:

Вайнерден режиссерге дейін: Қорқынышты фильм түсірген Батыров әріптестерін таңғалдырды

Динара Сәтжан өзін айыптаған сәнгерді сотқа бермек

Қайрат Нұртас ең ізгі арманы жайлы айтты

Баян Мақсатқызы: «Қазақ Аруы» биылдан бастап халықаралық байқауға айналады

 

Талқылау