Тоқаевтың жолдауы, жаңа министр, зейнетақы жинақтамаларын алуға рұқсат берілуі: Өткен апта ел есінде қандай жаңалықтарымен қалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған жолдауы біраз түйіткілді мәселелерді қамтып өтті. Жер дауы, саны көп шенеуніктер, құқық қорғау жүйесіндегі реформалар мен еліміздегі бедеулік мәселесі көтеріліп, үкіметке бірқатар тапсырма берілді. Осы аптаның қандай жаңалықтары ел есінде қалды? Stan.kz редакциясы дайындаған материалдан оқи аласыздар.
1 қыркүйекте жолдау жасаған президент біраз мәселелерді көтеріп, олардың жақын арада шешуге тапсырма берді. Мемлекет басшысының қазақстандықтарды коронавирус пандемиясымен күресу үшін 2 жылдай уақыт керек екенін ескертті. Десек те Тоқаев карантиннің тигізген пайдасын да атап кетті. Мәселен, шектеу шаралары жарияланғаннан кейін мемлекеттік қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуге көшуі басқару жүйесінің түбегейлі өзгеруі қажет екенін көрсеткен. Осы тұрғыда ол шенеуніктердің санын 25%-ға қысқартуды тапсырды. Бұған қоса жоғары лауазымды тұлғалардың мемлекеттің қатаң бақылауында болатын жеткізді.
Президенттің назарынан ақсап тұрған құқық қорғау жүйесі де тыс қалмады. Тоқаев полицейлердің жұмысын қатал сынға алып, бұл салада да реформа жасау қажет екенін мәлім етті.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде қаржы-несие саясатымен айналысатын жаңа комитет пен жаңа реформалардың әзірленуін реттейтін мемлекеттік орган құруды тапсырды.
Тоқаев халықтың өмірінен хабардар екенін де көрсете білді. Ол осы тұста бедеулік мәселесін көтеріп, "Аңсаған сәби" бағдарламасын жариялады. Ал мемлекетік маңыздылығы бар жолдардың жөнделуіне президент бес жыл берді.
Қазақстандықтарды елең еткізген жаңалықтардың бірі президенттің зейнетақы қорында жиналған ақшаның бір бөлігін алуға рұқсат беруі болды. Тоқаев халықтың үй сатып алу немесе жөндеу жұмыстарын жасауға, емделуге зейнетақы жинақтамасын қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды. Мұны естіген жұрт бірден қордағы жинақтамаларын тексеруге ағылды. Соның салдарынан Бірыңғай жиынтық зейнетақы қорының ресми сайты тіпті істен шығып қалған болатын.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы ақшаны алуға қандай талаптар қойылатынын жария етті. Айтуынша, егер қазақстандықтардың жиналған соммасы жеткіліктілік шегінен асып жатса ғана рұқсат беріледі.
2020 жылы зейнетақы қорындағы жинақтаманы қалай тексеруге болады
"Жеткіліктілік шегі дегеніміз - зейнетақы қорындағы қажетті ең төменгі баға. Әркімнің өз жасына қарай беріледі. Егер азамат кемінде ең төменгі жалақыдан зейнетақы қорына қаражат аударып отырған жағдайда, зейнетке шыққан соң 82 жасқа дейін ең төменгі зейнетақы алуға мүмкіндік беретін болса ғана ала алады", - дейді министр.
Осыдан екі ай бұрын цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице- министрі атанған Бағдат Мусин осы ведомствоның басшысы атанды. Ол бұған дейін министрдің қызметін атқарып келген.
Таяу күндері Атырауда сәбиді тоңызытқышқа салып өлтірген медицина қызметкерлерінің ісінде тағы жаңа деректер пайда болды. Тергеу мәліметіне сәйкес, перинаталды орталықтың дәрігерлері нәрестені қалай өлтіру керек екенін ақылдасыпты. Бұл олардың аудиожазбаларынан анықталған. Қазіргі таңда сот әлі жалғасуда.
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин халықтың көкейінде жүрген бір мәселені көтерді. Бас санитардың сөзінше, қаладағы кинотеатрлар ашылуға әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта олар 30%-дық сыйымдылықпен жұмыс істейтін көрінеді. Десек те Бекшин кинотеатрлар дәл қашан ашылатынын айтпады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
