Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасады

Алдағы бес жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайынғы индекстеуге үш триллионнан астам теңге бөлінеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

"Біздің бағдарламамызда негізгі 4 басымдық бар. Бірінші - әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән беріледі.

Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз", - деді ел президенті.


Талқылау