Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Екі елдің басшысы стратегиялық серіктестік пен екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
Ресей президенті былтыр қараша айында Астанаға ресми сапармен келді, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда Қазан қаласына барды. Екі тарап осы сапарлар аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Сонымен қатар энергетика, транзит және логистика салаларындағы бірлескен жобаларды тиімді түрде ілгерілету маңызды екені атап өтілді.
Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды