Қазақстандықтарға туды балконға ілуге рұқсат - Тоқаев тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді кеңінен қолдануы туралы пікір білдірді, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото с сайта kstnews.kz
Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.
Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", - деді Тоқаев.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды