Тоқаев мектеп түлектерін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп түлектерін құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің Twitter-дегі парақшасында жазылды.
"Құрметті түлектер! Баршаңызды бүгінгі ерекше жағдайда өтіп жатқан «соңғы қоңырау» күнімен құттықтаймын! Асыл армандарыңыз орындала берсін! Болашақтарыңыз жарқын болады деп сенемін! Жас ұрпақты ғажайып білім әлеміне жетелейтін ұстаздар қауымына қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамын!" - деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін білім министрі деп оқушылар мен ұстаздарды мектеп жылының аяқталуымен құттықтаған болатын.
Атап кетерлі жайт, биыл елімізде соңғы қоңырау онлайн соғылды.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері
Әсел Қанай Әлем ойындарында "Жыл үздік спортшысы" атағын жеңіп алған
"Намысым "штраф стоянкада": Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні полицияның ту ұстап жүруге тыйым салғанына шағымданды
Айбар Олжаев: "Көлікке ту іліп, айыппұл алсаңыз, бір штрафыңызды мен төлеп беремін"