Терроризмді насихаттаған екі қазақстандыққа сот үкімі шықты
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталған екі азаматтың үстінен сот процестері аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тараз тұрғыны айналасындағыларды шетелдегі террористік әскери қимылдарға қатысуға тартып, өзі де соған қатыспақ болған. Ер адам Қылмыстық кодекстің 256-бабы "Терроризмді насихаттау" және174-бабы "Діни араздықты қоздыру бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылды.
"Бұған дейін бірнеше рет сотталған Алматы қаласының тұрғыны интернетте радикалды идеологияны насихаттады. Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ есірткі заттарымен айналысқаны үшін айыпталып, жеті жыл бір айға бас бостандығынан айырылды", – деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті