Температура төмендеп, жел күшейеді: "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2022 жылғы 25-27 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қазгидромет” мамандарының болжамына сәйкес республиканың солтүстік облыстарында температураның төмендеуі күтіледі.
Батыс және оңтүстік өңірлерде ашық және ыстық ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде солтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Аптаның соңына қарай солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі.
Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27+38°С шамасында сақталады. Солтүстік-батысында ауа температурасы +25+32°С-тан +20+28°С-қа дейін, солтүстігінде +22+27°С-тан +18+23°С-қа дейін төмендейді. Елдің орталығы мен шығысында ауаның температурасы +18+28°С, оңтүстігінде +28+35°С, оңтүстік-шығысында +20+30°С шамасында болады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды