Теміртауда су жеткіліксіз: Тұрғындарға салқын су тек кестемен беріледі
Теміртауда құбыр тозғандықтан, тұрғындарға салқын су тек кесте бойынша берілетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Оқжетпес-Т" ЖШС Теміртауда су тапшылығына байланысты кем дегенде төрт күнге қалада су беру шектелетінін айтты.
"Құбырдың тозуына байланысты Ертіс-Қарағанды су құбыры бойынша су көлемінің жеткіліксіздігіне, сондай-ақ салқын суды тұтыну шығынының ұлғаюына байланысты " Оқжетпес-Т " ЖШС суды кесте бойынша беруге мәжбүр", – делінген"Оқжетпес-Т" хабарламасында.
Пәтерлерге су 6:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін беріледі. Әзірге шектеулер төрт күнге – 11, 12, 13, 14 шілдеге енгізілді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды