Теміртау қаласының әкімі коронавирус жұқтырды
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалым Әшімовтің инфекцияны жұқтырғаны туралы ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде растады.
"Теміртау қаласы әкімінің коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта Ғалым Әшімов үйде. Дәрігерлер жағдайы тұрақты дейді. Ауруларға шағымдар жоқ. Әкім 14 күн бойы оқшаулануда", - деді баспасөз қызметі.
Бөлім сонымен қатар, қазіргі уақытта әкімдік қызметкерлерінің барлық байланыс тұлғалары коронавирусқа тест тапсырды. Нәтижелер теріс. Қала әкімінің міндеттері әкімнің орынбасары Мирас Құттыбайға жүктелген. Теміртау қаласы әкімдігінің кеңсесі қалыпты режимде жұмыс істейді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған