Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тегін массаж жасаймыз деді": СҚО-да зейнеткерлер массаж жамылғысын сататын компанияның құрбаны болды

Солтүстік Қазақстанда зейнеткерлер тегін массаж жасатамыз деп миллиондаған қарызға батты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро арнасына сілтеме жасап. 

массаж жамылғысыТүсірілімнен скриншот

Алаяқтардың құрбаны банктерден ақша алған. 

69 жастағы Тамара Валгушеваның айтуынша, ол тегін массаж жасайтын креслолардың тұсаукесеріне барды. Өйткені ол остеохондрозбен қиналған. Олар алғашқы массажға ақша алмайды. Әйел бұған жерден жеті қоян тапқандай қуанды. Содан соң компания қызметкерлері оған қол қоюды өтінді. Нәтижесінде зейнеткер өзінің барлық жиған-тергенін беріп, массаж жамылғысы үшін 600 мың теңге несие рәсімдеді.

“400 мың беріңіз деді. Менде ақша болды да, 400 мың бердім, болды. Ал олар мұның бәрі тегін екенін айтты. Бұл гипноз сияқты, Мен бір жерде қалыптап жатқандай болдым. Содан соң оларға қоңырау шалсам, тұтқаны көтермейді. Осы үшін қан қысымым көтеріліп, жедел жәрдем шақырттым, өзім онсыз да гипертоник едім”, – дейді зейнеткер Тамара Валгушева.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық қауымдастықтың мәлімдеуінше, бұрын қазақстандық фирмалар массаж креслоларын сатса, енді нарыққа ресейлік компаниялар да келді. Өйткені көрші елде несиелерді онлайн ресімдеуге тыйым салынды да, олар кәсібін біздің елде дөңгелетіп жүр. Сарапшылар атап өткендей, сатушылар керемет психологтар болғасын, егде жастағы адамдар өз-өздеріне келе алмай, арбауға түседі.

“Олар толық аты-жөнімен "сіз сыйлық ұтып алдыңыз, келісімшартқа қол қойыңыз" деп шақыра бастайды. Адамдарға қол қойғызғанда, бір бұрышын бүктеп, қол қойыңыз дейді. Ал келісімшартпен танысып шығайын деген адамдарға “біз сізге бәрін түсіндірдік" деп асықтырады. Адамдар шынымен бұған сеніп, қол қояды. Бұл массаж шапаны 30 мың теңгеден аспайды, ал алаяқтар олардың атына миллиондаған сомада несие рәсімдейді, – дейді СҚО тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының төрағасы Надежда Дубовая.

Алайда полиция бұдан алаяқтық әрекеттерді көрген жоқ, сондықтан қылмыс құрамының болмауына байланысты барлық істер жабылды. Полицейлердің айтуынша, алданған азаматтар тек қызмет көрсететін фирманы жеке сотқа бере алады.

“Бұған іс материалдарына қоса берілген жазбаша шарттар негіз болды, онда тараптардың талаптары, нысанасы, жауапкершілігі жазылған. Бұл фирмалар тіркелген, оларды заңды тұлғалар базасында тексердік. Тұрмыстық техниканы, жабдықты сатумен айналысатын қызмет түріне ие. Олардың кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға тыйым салынбайды”, – деп мәлімдеді Петропавл қалалық ПБ бірінші полиция бөлімі бастығының орынбасары Азамат Ташев.

Полиция қызметкерлеріне басқаларға несие бергендерді ұстау қиын. Өйткені азаматтар құжаттарға өз еркімен қол қояды. Өткен жылы еліміздің солтүстігінде 130-дан астам интернет-алаяқтық жасалды, соның ішінде онлайн-кредиттерді ресімдеу көп бөлігін алады.

Дүниежүзілік желіде зиянкестерді табу оңай емес, сондықтан тәртіп сақшылары қазақстандықтардан күмәнді құжаттарға қол қоймауды және жеңіл олжаға алданбауды сұрайды.

Талқылау