Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Театрлар жаңа маусымын бастады: Сүйікті қойылымға билетті қалай тиімді алуға болады

фридом театр

Күздің келуімен қалалардағы мәдени өмір де қыза түседі. Театрлар жаңа маусымын ашып, көрерменге таныс шығармалармен бірге жаңа қойылымдар мен өзгеше форматтарды ұсына бастайды. Биылғы афишадан классикалық драма, балет, музыкалық спектакль, рок-балет пен заманауи қойылымдарды кездестіруге болады.

Театрға бару үшін ерекше себеп іздеудің де қажеті жоқ. Екі-үш сағат телефонды шетке қойып, спектакльді тамашалау – күнделікті қарбаластан бір сәт алыстап, тірі өнерді сезінудің жақсы жолы.

Классикадан тәжірибеге дейін

Алматыда жаңа маусымның басты оқиғаларының бірі – 9 қыркүйекте Тотальный театрда өтетін “Между небом и землей” қойылымының тұсаукесері. Наринэ Абгарянның "С неба упали три яблока" романы желісімен қойылған спектакль адам рухының күші, қиын кезеңде тірек табу және өмірге деген құштарлық туралы баяндайды.

10-11 қыркүйекте Алматыда “Ақбілек” қойылымының премьерасын, ал 11-12 қыркүйекте Александр Гриннің шығармасы бойынша қойылған “Қызыл желкендер” спектаклін көруге болады. “Қызыл желкендер” биыл неміс драма театрының сахнасында тұсаукесер ретінде ұсынылып отыр.

Ал Астанада 9 қыркүйекте “Ғашық – жүрек”, 10 қыркүйекте “Қыз Жібек”, ал 15 қыркүйекте “Абай-Тоғжан” қойылымдары өз көрерменіне жол тартады. Ұлттық драматургия мен қазақ әдебиетінің танымал кейіпкерлерін сахнадан көргісі келетіндер үшін бұл қойылымдар қыркүйектегі қызық қойылымдардың қатарында.

Неміс театрының жаңа маусымындағы назар аударарлық жоба – “Арамызда” қойылымы. Спектакль атауының өзі адамдар арасындағы қарым-қатынас пен олардың арасындағы көрінбейтін байланысты меңзейді. 

Шымкент тұрғындары үшін репертуардағы ерекше форматтың бірі – "Со склонов Кокурико" фильмінің желісі бойынша қойылған спектакль. Бұл жолы көрермен дәстүрлі спектакль емес, театр кеңістігіндегі кино көрсетілімін тамашалайды. Горо Миядзакидің фильмі 1960-жылдардағы Жапониядағы жасөспірімдердің өмірі, достығы мен алғашқы сезімдері туралы. 

Ал 11 қыркүйекте Шымкент сахнасында “Сегіз сүйкімді әйел” ирониялық детективі, 13 қыркүйекте “Он екі орындық” комедиясы көрсетіледі. Біріншісінде бір үйге жиналған сегіз әйел отбасы басшысының өліміне қатысты жұмбақты шешуге тырысады, ал екіншісі көрерменді Остап Бендер мен Киса Воробьяниновтың шытырман оқиғасына жетелейді.

Ал классикалық балетке қызығатындар Astana Ballet репертуарындағы “Ромео и Джульетта” қойылымын кейінірек көре алады. Шекспирдің әйгілі махаббат хикаясының балет нұсқасы Астанада 30-31 қазанда көрсетіледі.

Қыркүйекте театрлар репертуары бір ғана жанрмен шектелмейді. Бір қалада жаңа драмалық қойылымды көруге болса, енді бірінде киноны театр форматында тамашалауға немесе классикалық шығарманың балет нұсқасына баруға болады. Ең бастысы – өзіңізге ұнаған қойылымды алдын ала таңдап, билетті алып қою.

Театр билетін қалай тиімді алуға болады?

Қазақстанның әр қаласындағы спектакльдер туралы ақпаратты Freedom SuperApр  ішіндегі "Афиша" бөлімінен көруге болады. Қойылымды таңдап, билетті де сол жерден сатып алуға болады.

Жаңа маусымды керемет қойылыммен бастағысы келетіндер үшін Freedom Афиша арнайы ұсынысын жариялады. 

20 тамыздан 15 қыркүйек 2026 жылға дейін Freedom SuperApp ішіндегі "Афиша" – "Театр" бөлімінен билет сатып алғанда MASK промокодын енгізсеңіз, 30% жеңілдік аласыз. Жеңілдіктің максималды мөлшері – бір тапсырысқа 5 000 теңге.

Промокодты бір пайдаланушы бір рет қолдана алады. Акция Қазақстанның барлық қалаларындағы "Театрлар" санатындағы қойылымдарға жарамды. Айта кетері, бұл жеңілдік басқа акциялармен, промокодтармен және бонустық бағдарламалармен бірге қолданылмайды.

Жаңа маусымда көретін қойылым көп. Ендеше, афишаны ашып, өзіңізге ұнайтын спектакльді таңдаңыз.

Назархан Уән
Жұма, 04 Қыркүйек, 2026 16:46