Тәуелсіздік күніне байланысты: Ақмола облысында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Ақмола облысының полицейлері тәуелсіздік күні мерекесі кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Бұл туралы облыстық ДП басшысы, полковник Нұрсұлтан Мұқашев мәлімдеді.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қызметтің күшейтілген нұсқасы кезінде жаяу патрульдік және патрульдік бригадалар күшейтіліп, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспекторлар профилактикалық есепте тұрған және алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тексереді.
Полицейлер қазақстандықтарды ауа райына байланысты құзырлы қызметтердің облыс жолдарында болуы мүмкін көлік қозғалысын шектеу туралы хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды