"Тарихи жауапкершілікті сезінуіміз керек": Тоқаев Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ел бірлігі мен тұрақтылықтың маңызын атап өтті. Президент тәуелсіздікті нығайту жолындағы жетістіктерге тоқталып, әділетті әрі қуатты Қазақстан құруға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.
“Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады. Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз. Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды”, – деді мемлекет басшысы.
Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
“Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет. Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін. Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!” – деді президент.
Қазақстанда дүкен мен мейрамхана иелері Тәуелсіздік күніне орай ерекше челлендж бастады
Еске салайық, бұған дейін Тәуелсіздік күніне орай безендірілген азық-түлік дүкені қазақстандықтардың ықыласына бөленгенін жазған едік. Астанада азық-түлік дүкенінің иесі көк шар мен Туымызды іліп, дүкен ішін мерекеге орай безендіріп қойған. Сондай-ақ желі қолданушылары қазақстандықтарды дүкеннің саудасын жүргізуге шақырып жатыр.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"