Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал сазгер 91 тобының әніне «жоғары», Қайрат пен Төреғалидің әніне «төмен» баға берді

Қазақстандық композитор, әнші, 90-жылдардың ортасында қазақ эстрадасына өзінің «Таңғы жас», «Алтынай» секілді әндерімен жаңалық әкелген өнерпаз Бақытжан Қажымұқанов көптен бері көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Композитор бүгінгі қазақ әндерінің бет алысына баға берді.

бакытжан кажымукан

Бақытжан Қажымұқанов El.kz басылымына сұхбат берді.

Бір қызығы өткен ғасырда ән жазып, сахнаға шыққан ол заманауи стильде ән айтатын Ninety one, «Орда» сынды топтарды жоғары бағалап, халықтың сүйіктілеріне айналған Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің әндеріне керісінше “төмен” деп баға берді.

Композитордың пайымдауынша, сапалы музыка жазу үшін биік деңгейдегі шығармаларды көбірек тыңдау керек. Оның пікірінше, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі мен Заттыбек Көпбосынұлының әндері олардың қатарына кірмейді.

«Шынымды айтсам, әндерім қалай жазылатынын білмеймін. Ол Құдайдың маған берген бағы болар. Жастайымнан қазақтың Құрманғазы мен Дәулеткерейін, әлемдік классикадан Чайковский, Бетховендердің шығармаларын, британдық рок-топ «Пинк Флойдты», орыстың Андрей Макаревич, Борис Гребенщиков сияқты әртістерін, «Пикник» тобын тыңдап өстім. Солардың бәрін тыңдай келе, ән жаздым. Үнемі сапалы музыка тыңдасаң, нәтижесінде тәуір ән дүниеге келеді. Ал, тек қана Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Заттыбек Көпбосыновтарды тыңдай берсең, одан кейін қайдан ән шығаруың мүмкін? Оны білмеймін…» – деп пікір білдірді Қажымұқанов.

Есесіне Қажымұқанов композитор ретінде Еркеш Шәкеевті, Сейфуллин Жолбарысты, кейінгі кездері ән жазып жүрген Медеу Арынбаевты, ал әншілерден «Орда», «Ninety one» топтарының репертуарындағы әндерін бағалайтынын айтты.

«Өнерпаздардан «Орда», «Ninety one» топтарының репертуарындағы әндердің заманауи сипаты, сауатты өңделуі маған ұнайды», – деп түйіндеді сөзін белгілі сазгер.

Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары «Кеш you» тобынан кеткен Ақботаның аяғы ауыр деп болжауда

Баян Есентаева ваннада түскен суретін жариялап таңғалдырды

Нағима Есқалиева атақ үшін өзіне дөрекі ұсыныс жасалғаны туралы айтты

Гүлнұр Оразымбетова өзін “отбасын бұзған әйел” дегендерге жауап берді

 

Талқылау