"Тамағымды төсегіме әкеліп береді": Айгүл Иманбаева отбасылық өмірінен сыр шертті
Мәдениет қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева отбасылық өмірінің қалай өрбіп жатқанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Өнер иесі жақында тұрмыс құрып, Америкаға көшіп кеткен еді.
"Мен күйеуімнің қасында бейқаммын, еш уайымым жоқ. Тек ұйқымды қандырып, еркелеп жүремін. Таңғы асыма дейін төсегіме әкеліп береді. Мені солай еркелетіп отырады. Жақсы нәрсеге етің тез үйренеді. Тіпті тамағымды істейді. Кейде үйде тамақ істегің келмей қалады. Түскі асты мен дайындасам, таңғы асты күйеуім дайындайды. Осылай бөліп алғанбыз. Кешкі ас ішілмейді. Екеуміз жарысып кітап оқимыз. Оқыған кітаптарымызды талдап, дискуссия жасаймыз. Осындай қызық нәрселер бар. Кейде бәрі кинодағыдай болып кетеді. Бірақ өмірде шынымен де сондай күйеулер бар екен", – деді Айгүл Иманбаева.
-
"Бірінші рет нәзік жанды екенімді ұқтым": Айгүл Иманбаева күйеуінің ерекше қасиетін айтты
-
"Келіндік міндетімді атқарып жатырмын": Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көрсетті
Сондай-ақ 2025 жылы үйлену тойын өткізіп, жақындарының басын қосатынын айтты.
“Лондонда неке қиылып, бас қостық. Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге көлік сұрадым. “Қазақша той жасағың келе ме?” деп сұрады. Мен қарсы болдым. Бірақ құдалық өтіп, орамал салып, келіншай бердім. 2025 жылы үйлену тойымыз Лос-Анжелес қаласында өтеді”, – деді әнші.
Еске салайық, Айгүл Иманбаева жүктілікке қатысты жаңалығын бөліскен еді.