Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Табандылық танытып отыр": Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтті

Қытайдың Гуанчжоу қаласының сотында қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот отырысы өтті. Ол есірткілік заттарды тасымалдады деп айыпталған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: ҚР СІМ

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook желісінде бүгін, 3 қыркүйекте, өткен сот отырысы туралы жазды. 

Процесс барысында қорғаушы тарап ұсынған іс материалдары тексерілді. Отырысқа қорғаушы тарап, ҚХР-дағы Қазақстан елшілігінің өкілдері, Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы және аудармашы қатысты.

«Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы қанағаттанарлық. Ол табандылық танытып отыр. Сотта өздігінен қытай тілінде жауап берді. Үкімнің жарияланатын мерзімі ашық қалдырылды», - деп жазды Нұрмағамбетов. 

Қазақстандық қыздың ісіне қатысты өткен сот отырысы екі сағаттан аса уақытқа созылған.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.

2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кеткен еді.

Талқылау