Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сұрамаса да": Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуге дайындалып жатыр. Жогорку Кенеш отырысында министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров осылай деп айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Министрлер кабинетінің төрағасы Бішкектегі жылу электр орталығында апат болғанда Қазақстанның Қырғызстанға көмек қолын созғанын еске алды. 

“Осы кезеңде біз де оларға сұрамаса да гуманитарлық көмек жібереміз. Сонымен қатар мүмкіндікті пайдалана отырып, Өзбекстан, Түрікменстан мен Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Президенттің көрші елдермен жақсы саясатының арқасында олар біз сұрағанға дейін көмек қолын созды”, – деді Ақылбек Жапаров. 

Ол қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен керуен дайындалып жатқанын атап өтті. Бұл жұмыспен төтенше жағдайлар министрлігі айналысады. Қазақстанға Қырғызстанда дайындалған отандық өнімдері жіберіледі. 



Бұған дейін "Астана Жастары" КММ еріктілері қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен облыстардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау акциясын бастаған еді. 

Қала бойынша 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам еріктілер қажетті заттарды сұрыптауға және жөнелтуге көмек көрсетеді. Сарыарқа, 13 көшесіндегі еріктілер пунктінде қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары жиналып, дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды алып келіп жатыр. 

Талқылау