Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Света Айтбаева Жұлдызайды танымай қалған Ақжол Мейірбековке сын айтты

Отандық тележобада бақ сынап жатқан Света Айтбаева әділқазыларға сын айтты. Ол өнер көрсетіп жатқан әртістерді танымай қалатын әділқазыларға өкпелі.

"Егіз лебіз" бағдарламасының кезекті шығарылымына Ақжол Мейірбеков қазылық етті.

Әнші Жұлдызаймен жұп болған Бағлан Әбдірайымовтың өнеріне баға берді.

"Бағланның Жігіттер тобында өнер көрсетіп жүргенін білемін. Бұл жұпты Бағлан алға тартып жүр. Бағланның жақсы әнші екенін білемін. Ал Жұлдызай әнші емес болғандықтан техникалық қателер жіберді. Әннің сөзін ұмытып қалды. Тональностьті жоғалтты. Өзінің мамандығы қандай?", - деп сұрады Мейірбеков.

Майра Ілиясова, Айгүл Иманбаева жұптың өнері тиісті дәрежеде орындалмағанын атап өтті.

Ал Бағлан Әбдірайымов техникалық ақауларға байланысты өзі қалағандай деңгейде өнер көрсете алмағанын мойындады.

Бұл ретте Димаштың анасы Света Айтбаева Жұлдызай ханымды танымай қалған Мейірбековтің әрекетін құптамады.

"Құрметті әділ-қазылар алқасы! Тек қана саханада өнер көрсететін, "Егіз лебізге" қатысып жатқан жұптар ғана емес, сіздер де дайындалып келіңіздер! Кімдер қатысып жатқанын біліңіздер" деді. Әншінің бұл сөзін оның бағдарламадағы жұбы Асхат Маемиров та қолдап, "Жұлдызайды танымай қалу - ұят" дейді.

Айта кетейік, Света Айтбаева да осы жарыста бақ сынап жатыр.

Жұлдызай Дүйсенбиева "Шаншар" әзіл-сықақ театры арқылы көрерменге көз таныс. Кейіннен "Алдараспан" театрында өнер көрсетті. Өнерден біржола кеткенін мәлімдеген Жұлдызай ханым бүгінде вайн түсіріп, көрерменнің оң бағасын алып жүр. 

Талқылау