Сүндеттелген баланың талмасы ұстап, 10 минутқа жүрегі тоқтап қалды
Екі жасар бала Санкт-Петербургтегі емханада сүндеттелгеннен кейін әрең аман қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Процедура аяқталғаннан кейін баланың талмасы ұстап, 10 минут бойы жүрегі тоқтап қалған. Кішкентай науқас жедел жәрдеммен Санкт-Петербург педиатрлық университетіне өте ауыр жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оны құтқарып үлгерді.
Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастап, жеке медициналық орталықтан медициналық карталарды тәркілеген. Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша ("Адам өзінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы салдарынан абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру") бойынша іс қозғау мәселесі шешілуде.
Пішіні "раушан гүл", "түймедақ" сияқты: Ұл балаларды сүндеттеудегі соңғы трендтерді білесіз бе?
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды