Sulpak дүкендер желісінің негізін қалаушылардың бірі көз жұмды
Қазақстандағы Sulpak электроника дүкендері желісінің негізін қалаушылардың бірі Андрей Пак қайтыс болды. Қаралы хабарды оның қызы Светлана жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әкемізді еске алуға арналған мемориалдық кеш", – деп жазды Светлана Пак Instagram парақшасында.
Өмірінің соңғы жылдарында ол Еуропада тұрды. Кәсіпкер бірнеше жыл бұрын Sulpak-тағы үлесін сатып жіберген.
Фото Светлана Пактың желідегі парақшасынан скриншот жасалған
Айта кетейік, Sulpak сауда желісі Қазақстанда 1992 жылы пайда болды. Құрылтайшылары – Алмас Сұлтанғазин және Андрей Пак. Бренд атауы олардың фамилияларының бірінші буындарынан құралған.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық танымал актер, "Құрмет" орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет дүниеден озғанын жаздық. Өнер иесінің қазасын Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның вице-президенті кім болуы мүмкін және оның өкілеттігіне не кіреді: Саясаттанушылар жауабы
Сондай-ақ вице-президент нақты қандай қызмет атқаратынын анықтадық
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді