"Стилист 20 мың сұрап жатыр": Нұрболат Абдуллинмен әзілдескен Әбдіжаппар Әлқожа сынға қалды
Әніне сөз жазып беріп, ақысына 20 мың берген Нұрболат Абдуллиннің іс-әрекетін жұрт қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды
Өнер иесінің тыңдармандары әншіні балағаттап, ақыннан кешірім сұрауды талап етті.
“20 мың ғана бергенің өте ұят болды. Мейлі басында қанша суммаға келіссеңдер де өте ұят тірлік. Осы әннің арқасында тойға барып, миллион тауып жүрсің ғой. Сараң екенсің! Осы тірлігіңнен кейін жиіркенем көрсем. Оның үстіне ұялмай мәз боп сол әнді айтып жүрсің. Ершат ақынның жылағаны әлі көз алдымда. Еркек адам оңайлықмен жыламайды. Шынымен жүрегіне батқан соң жылап жіберді!”, – деп жазды желі қолданушысы.
-
"Қонақүйге орналастырсын": Нұрболат Абдуллин су басқан өңірлердің басшылығына ұсыныс айтты
-
"Ешкімнен бір тиын алған емеспін": Қалдыбек Құрманәлі әндері үшін ақы алмайтынын растады
Алайда әншінің әріптестері әзілдеп, түрлі пікір жазып жатыр. Арасында хит әндердің орындаушысы Әбдіжаппар Әлқожаның орынсыз қалжыңын желі қолданушылары сынап тастады.
“Досым, стилист 20 мың сұрап жатыр”, – деп жазған әнші. Оқырман қауым өнер иесіне ақынды мазақ етпеуін ескертті.
“Әбдіжаппар, елді олай мазақ етпе!”, “Бауырым, олай артық сөйлеме”, “Отырып алып, ақынды мазақ етіп, оттап отырсың”, “Керісінше ақынды қолдап, демеп жібермейсіңдер ме?”, “Текті жердің баласы деп ойлап жүрсем, жігіттер, жарамаған іс жасап жатсыңдар”, “Халық әнді ұмытса да, 20 мыңды ұмытпайтын болды”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.
Фото: https://www.instagram.com/nurbullin/
Еске салайық, бұған дейін Нұрболат Абдуллиннің “Сен қорқақсың” әні үшін автор 20 мың теңге гонорар алғанын айтып, жылап қалған еді.