Степногор жылу электр станциясында болған апатқа байланысты тексеру басталды
Энергетика министрлігі ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті Степногорск ЖЭС-на жоспардан тыс тексеру тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Тексеру "Степногорск ЖЭС қазандықтарының апатты жағдай фактілері бойынша" жоспарланған", - делінген энергетика министрлігі таратқан хабарламада.
Тексеріс қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады.
“Қазіргі таңда Степногор ЖЭС-та 4 қазандық пен 3 турбина жұмыс істеп тұр.
Станцияның генерациясы 64 МВт құрайды, жылу желілерінің температуралық режимі сақталған”, - деп атап өтті энергетика министрлігі.
Осыған дейін, Степногорск жылу электр станциясында апат болғаны туралы жазған болатынбыз.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды