Спортпен айналыспай-ақ 70 келі салмақ тастаған келіншек арықтаудың сырын айтты
Англияның Хейшам қаласының тұрғыны өзінің суретін көргеннен кейін 70 келі салмақ тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап.

33 жастағы Николь Маккун саябақтағы үлкен маймылдың жанында түскен суретін көріп, өзінің маймылдан әлдеқайда үлкен екеніне көзі жеткен. Фотодағы өзінің бейнесіне таңғалған әйел, келбетін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдапты. Ол кезде Никольдің салмағы 152 келі болатын.
Оған қоса, келіншек 39 жасында инсульттан қайтыс болған туысының тағдырын қайталағысы келмегенін айтады.
Әйел ешқандай жаттығу жасамай-ақ арықтаған. Ол рационынан зиянды тамақтар, газдалған сусындар мен тәттілерді алып тастаған. Ол күнделікті йогурт пен жеміс-жидек жеп, диеталық көжелер ғана ішкен.
Бір жылға жетер-жетпес уақытта әйел 70 келі салмақ тастады. Біраз уақыттан кейін ойын-сауық саябағына оралған ол өзінің өзгергенін суретке түсіріп, жетістігіне тамсанды.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды