Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин 20 жылда алғаш рет Солтүстік Кореяға барды: Ким Чен Ын оны ерекше сән-салтанатпен күтіп алды

Пхеньянда Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ресми кездесу рәсімі басталды. Трибуналар жалаулармен безендіріліп, алаңда қарауыл сап түзеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ura.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Ura.ru

Екі елдің басшылары өзгеше жағдайда кездесу өткізді. Пхеньянда Ресей мен КХДР әнұрандары шырқалып, алаңда Путин мен Ким Чен Ынның портреттері ілінді. Солтүстік Корея ресми кездесуге жоғарғы деңгейде дайындалған. 

Путинді Ресей туының түстерінде киінген мыңдаған Пхеньян тұрғындары күтіп алды. Әрқайсысы қолына гүл мен ту ұстаған. Сондай-ақ салтанатты шараға әскери оркестр мен атты әскер қатысты.

Фото: Ura.ru

Ел астанасының негізгі алаңында көшбасшылар “Кысусан” мемлекеттік резиденциясына бет алды. Ресей және Солтүстік Корея делегациялары арасындағы келіссөздер сонда өтеді.

Мыңдаған халық екі мемлекет басшысын көру үшін көшеге шықты. 

Салтанатты шарадан кейін мемлекет басшылары арасында мазмұнды әңгіме болмақ. Ол жеке форматта өтеді. Кейін БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйлейді. Бұл Путиннің Солтүстік Кореяға 24 жылдан кейін алғашқы сапары.

Талқылау