Солтүстік Корея басшысы Путинмен кездесу үшін Ресейге қарай жолға шықты
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Владивостокқа қарай жолға шықты. Кездесу сейсенбі күні өтеді деп күтілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі оңтүстіккореялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл Солтүстік Корея басшысының төрт жылдан бері Ресейге жасаған алғашқы халықаралық сапары.
Екі көшбасшы Солтүстік Кореяның Украинадағы соғысты қолдау үшін Мәскеуге қару-жарақ беру мүмкіндігін талқылайды.
Ким Чен Ын соңғы рет 2019 жылы Владивостокта АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональ Трамппен ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөз жүргізу үшін барған болатын. Алайда келіссөз сәтсіз аяқталған еді.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жаңа "ядролық шабуыл жасайтын сүңгуір қайықты" таныстыру рәсімін өткізгені туралы жазған едік.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан