Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында жолшылар қардың үстіне асфальт төсеген

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жолшылар тура қардың үстіне асфальт төсеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларға қарағанда, мердігерлерге суықта жолды аяқтау оңай болмаған сынды. Қоспа қалдықтарын тас жолдың ортасына төгіп, тіпті арнайы техникамен тегістемеген. Нәтижесінде жол жамылғысы аяқ астында үгітіліп жатыр.

Өңір шенеуніктері облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына есеп беріп, жұмыстарды шарт бойынша 1 қарашаға дейін аяқтағанын жеткізді. Ал шындығында  мердігер "Комплект-Азия-Сервис" компаниясы аудандық жолды айдың соңында минус 15 градус болып тұрған кезде жөндеді. Бұл технологияның өрескел бұзылуы.

"Тексеріледі. Жөндеу орташа жөндеуге жатады және мердігерге кепілдік мерзімі аясында екі жыл ішінде жауапкершілік қарастырылған. Кез келген жағдайда ақаулар пайда болған жағдайда оларды пайдалану барысында жою үшін жауапкершілік қарастырылған", - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Қылышбеков.

Талқылау