Солтүстік Қазақстандық шенеуніктер өздеріне 60 миллион теңге сыйақы тағайындаған
Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері өздеріне 60 миллион теңге сыйақы тағайындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Тексеру комиссиясының мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер жергілікті бюджетті өз бетінше бөліп, аудандық аппараты ұстауға бөлінетін қаржы мөлшерін ұлғайтқан. Нәтижесінде қызметкерлердің жыл сайынғы алатын қаржысының көлемі үш еседен асып кеткен.
"Қызылжар облыстық экономика және қаржы басқармасы қызметкерлеріне 60,6 млн теңге көлемінде негізсіз сыйақы белгілеу фактісі анықталды", – деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Талғат Кенжебаев.
Қазіргі уақытта экономика және қаржы бөліміне заң бұзушылықтарды жою туралы бұйрық жіберілді. Тексеру комиссиясының мүшесі сонымен қатар бөлім бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Тиісті материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"