"Сөге бермеңдер!". Ақындар көптің сынына қалған Raim мен Еркеге араша түсті
Айтыскер ақындар ара қатынастары көпшіліктің қызу талқысына түскен Raim мен Еркеге ән арнады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
©instagram.com/olensoz_kz
Олар жұрттан қос ғашықты сөз қылуды тоқтатуын сұрады. Әзіл аралас арнауды Жандарбек өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялап, “Биыл некесі қиылған жастардың бәрі бақытты болсын!”, – деп жазба қалдырды.
"Ақтөбеде "жоқ-жоқ" дейтін ана қыз,
Сол қызды алды Райым деген баламыз.
Былтырғы қаңтар – уайым,
Биылғы қаңтар — Райым,
Біз қазақтар тек қаңтарда жарамыз.
Еркенің артында емес
Еркенің алдында емес,
Еркенің қасында жүр еркек боп беріп кеңес,
Кімдер екен?
Сендеді өкпелеткен,
Адамды ғайбаттау –
Исламда күнә үлкен.
Үндер екен, Райымды елжіреткен,
Еркенің әні күнде Райымды тербеткен.
Сөге бермей Райым менен Еркені,
Өсек-сөзді тоқтатса екен, ел тегі.
Ерке менен Райым, бақытты болсын ләйім,
Екі жастың жарқын болсын ертеңі.
Мына жалған бес күнде,
Қызықпастан ешкімге,
Өміріміз бола берсін ертегі”, – деп жырлады ақындар.