Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болашақтың ауылы алыс емес: Ұшатын автокөлік ауада 75 шақырым жүріп өтті

2,5 шақырым биіктікте ұша алатын, сағатына 170 шақырымнан асатын футуристік ұшу автокөлігі алғаш рет қалааралық рейсін жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail басылымына сілтеме беріп.

Инженерлік техниканы словакиялық профессор Стефан Клейн жасап шығарды Сәрсенбі, 30 Маусымда AirCar аталатын көлік Нитра мен Братислава әуежайлары арасында 75 шақырым жол жүріп өтті. Инженер осы аралықты 35 минутта жүріп өтті.

Видеода көліктің әуеге көтерілгенге дейін ұшу-қону жолағынан өтетіні көрінеді. Содан кейін жерге қонып, тас жолмен жүріп өтеді.

Қонғаннан кейін автомобиль үш минуттан аз уақыт ішінде спорттық көлікке айналады.

"Мұндай форматтағы ұшу екі деңгейлі көліктердің жаңа дәуіріне жол ашты, сонымен қатар адамға еркіндік береді", – дейді профессор Клейн.

AirCar 160 ат күші бар қозғалтқышқа ие екендігі атап өтілді. Машинаның артқы жағында пропеллер бар. Сондай-ақ AirCar-дың жиналатын қанаттары бар.

Көлікті жасап шығарушылар AirCar үшін жүргізуші керек емес дейі, көлік демалуға және саяхаттауға өте ыңғайлы.

"Нитрадан Братиславаға бағытталған рейс көлікті шығарушылар үшін негізгі жұмысқа айналды, осы арқылы оны өндіріске шығаруға жақындай түсеміз. Қазіргі уақытта 40 сағаттан астам сынақтан өткен AirCar-жүргізушісіз немесе коммерциялық такси ретінде демалу мен саяхаттаудың тамаша мүмкіндігі", – дейді жоба авторлары.

Олардың айтуынша, автомобиль арнайы дайындықсыз кез келген ұшқышқа қол жетімді болатындай етіп жасалған. Бірақ мұндай машинаны жүргізу үшін сізде жүргізуші куәлігі де, әуе кемелерін басқаруға рұқсат болуы керек.

Заң бойынша талап етілетін барлық ұшу сынақтары аяқталған кезде, әзірлеушілер көлік алдағы 12 айда сатылымға шығады деп жоспарлап отыр. Әзірге оның бағасы қандай болатыны белгісіз.

Талқылау