"Сыртқа жатқызып қойған": Семейде "ауруханаға кіре алмай" қалған кейуана түсірілген видео жұртты шулатты
Әлеуметтік желі қолданушылары Семейде аурухананың сыртында жатқан кейуана түсірілген видеоны көріп шулап кетті. Алайда кейіннен бұл видео әдейі халықты арандату үшін түсірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап.
Бейнежазбадағы әжейді дәрігерлер қабылдамай қойғаны айтылыпты.
"Мен жұмыстан шығып барғанша, анам №2 қалалық аурухананың сыртында жатуға мәжбүр болған. Оны ауруханаға қабылдамай қойғаны былай тұрсын, адамның сыртта жатқанын көріп, ешкім көмектесуге шықпаған", - делінген видеоның астында.
Кейіннен облыстық әкімдік аурухананың бейнебақылау камералары түсірген видеоны жариялады. Шын мәнінде, бейнежазбадағы әйел ер азаматпен бірге келіп, өзі жерге жатып қалады. Әлгі адам оның жатқанын видеоға түсіргеннен кейін екеуі бірге қайтып кетеді.
Жалған ақпарат таратушылар жазаланады ма деген сұраққа әкімдіктегілер "уақыт жоқ" деп қысқа қайырыпты.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”