Сиырдың тезегімен көмген: Найзағай түскен ер адамды құтқармақ болған ауылдастары оны өлтіріп алды
Үндістанның Памара аулында ер адамға найзағай түсіп, зардап шеккен. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғындар оны сиырдың тезегімен көміп, осылайша емдемек болған. Алайда ер адам көз жұмды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
25 тамызда ауыл тұрғындары Бинод пен Гокула Подхаға найзағай түсіпті. Ауылдастары зардап шеккендерге көмектеспек болып, Бинодты сиырдың тезегімен көміпті.
Жергілікті наным-сенім бойынша, мұндай әрекет зардап шеккен адамның қиындығын жеңілдетуі тиіс.
Алайда арада бірнеше минут өткеннен кейін ер адамның тынысы тоқтаған. Артынша оның тұншығып көз жұмғаны белгілі болды.
Ал екінші ер адам ауруханаға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілген. Подханың мұнан кейінгі жағдайы туралы хабарланбады.
"Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек" деп айтқан қарағандылық мұғалім жұмысынан кетті
"Хиджаб кимейді, мектепте кимейді" дейді мұғалім өзінің қыздары жайлы
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
Ол – еліміздегі құтқару қызметінде тікұшақ басқаратын үш қыздың бірі