Шұрық-тесік: Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың бөлшектері түсірілген видео тарады
Желіде Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың бөлшектері түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Кадрлардан шұрық-тесік ұшақ бөлшектерін көруге болады.
Айта кетейік, бүгін Ақтау маңында Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer ұшағы апатқа ұшыраған еді. Алдын ала ақпарат бойынша апатқа ұшақтың құстар тобымен соқтығысуы себеп болды деген болжам бар.
Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақ құлағаны туралы хабарлаған едік. Ұшақта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Бұған дейін желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды