Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте банктен 300 мың теңге алған әйелдің ақшасын тарты алып кетті

1974 жылы туылған Шымкент қаласының тұрғыны банктердің бірінен 300 мың теңге ақша алған.

20170718165305

Шамалы ауқыт өткеннен кейін белгісіз тұлға артынан келіп, күш көрсету арқылы қолындағы бар ақшасы мен «Самсунг» маркалі ұялы телефонын тартып алған, деп хабарлайды Қазақстан-Шымкент арнасы.

Сөйтіп, қаскөй  белгісіз бағытқа қарай із суытқан. Аталған жайт Әл-Фараби ПБ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің 191 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің жедел шарасы арқасында  Шымкент қаласының 1989 жылы туылған  тұрғыны ұсталды.

Күдікті қамауда. Айғақты зат ретінде одан «Самсунг» ұялы телефоны тәркіленіп алынды. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкент қаласының полицейлері қала тұрғындарына көшелерде және қоғамдық орындарда белгісіз азаматтармен мәміле жасаған кезде мұқият және сақ болуды ескертеді. Егер де осындай жайттың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне полицияға дереу хабар бергеніңіз жөн.

Тағы да оқыңыз:

Шымкенттік суретшінің сурет салуына Димаштың таланты әсер еткен

Алматыда атышулы теракт жасаған лаңкес Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Қалыңдықтың басына ішімдік құйып мазақ еткен азамат елдің ашуына тиді (видео)

Маңғыстауда атыс болып 6 адам жараланды

Талқылау