ШҚО-да күшейтілген карантиндік шаралар ұзартылды
Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеу шаралары ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2021 жылғы 4 қаңтардағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында.
Сонымен қатар, облысаралық және халықаралық автобус, шағын автобус тасымалдарының жұмыс істеуіне тыйым салынған.
Сондай-ақ, азаматтардың облыс аумағына және Өскемен қаласының аумағына келуіне/кетуіне тыйым салынған.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды