ШҚО-да көз жұмған төрт баланың ісін ішкі істер министрлігі қадағалауға алды
ҚР ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Аягөздегі интернатта көз жұмған төрт баланың ісін өз қадағалауына алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Медициналық қызметкерлердің салғырттығының салдарынан екі не одан көп адамдардың көз жұмғаны үшін" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, 18 мамыр күні Аягөздегі арнайы қызмет көрсететін балалар орталығында психоневрологиялық патологияға шалдыққан балаларға арналған интернатта төрт бүлдіршіннің қаза болғаны айтылған еді.
Интернаттың он тәрбиеленушісі қызылша жұқтырып ауруханаға түскен. Бірқатар баланың бойынан ішек таяқшасы да табылған. Төртеуінің халі нашарлап, артынша көз жұмған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды