Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да халық наразылығын туғызған шошқа фермалары жабылады

Шығыс Қазақстан облысындағы Степное және Шмелев Лог ауылдары халқының наразылығын туғызған шошқа фермасы сот шешіме сай жабылатын болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйене отырып.

kapital.kz

ШҚО Экология департаментінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың шағымынан соң шошқа фермасына тексеру жүргізілген. Ол жерден сарапшылар бірнеше заң бұзылғанын анықтаған.

"Атап айтқанда "Родничок" шаруа қожалығына тиесілі шошқа фермасы Шмелев Лог және Лесхоз ауылдарында жұмыс істеуге қажет экологиялық рұқсат қағазын рәсімдемеген. Шошқа қалдықтары ашық жерге тасталдықтан топырақ жамылғысы ластанды. Соған орай департамент ферма иесіне айыппұл салып, кемшіліктерді түзеуге уақыт берді. Алайда одан еш нәтиже шыққан жоқ", – делінген ақпаратта.

Содан кейін іс Өскемен қаласының арнайы әкімшілік сотына жіберілді. Сот шошқа фермасын жабу туралы шешім шығарды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, ШҚО тұрғындары ферма қалдықтарды заңға сай сақтамаған деп қожалықтың үстінен шағымданған еді. 

Талқылау