ШҚО-да 13 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Шығыс Қазақстан облысында 13 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті. Черемшанка ауылында тұратын Марина Кнельц үйінен шығып сол күйі қайтып оралмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Ата-анасы бір апта бойы қызын өздері іздеп табуға әрекеттенген. Нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлеріне хабар берген. Қазір жасөспірімді іздеуге 70-тен астам адам жұмылдырылды.
Полицейлердің қатарына қосылған ауыл тұрғындары мен еріктілер тау-тасты түгел кезіп іздестіріп жатыр. Бірақ Марина Кнельцтен еш хабар жоқ. Құзырлы орындар Маринаны көрген-білгендер болса, полицияға хабарласуды сұрайды.
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"
"Несиені жапқаннан кейін көлігімді тартып алды": Қазақстандық көлігінің Ресейден ұрланғанын білмеген
Енді оның көлігі айып тұрағында.