Шымкентте мемлекеттік қызметшілердің төбелесі видеоға түсіп қалды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу департаменті мен өз қауіпсіздігін қорғау департаментінің қызметкерлері арасындағы ауызша текетірестің соңы төбелеске айналды. Жәбірленуші ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR порталына сілтеме жасап.
Шымкенттің мемлекеттік қызметшілері төбелескен бейнежазбаны журналист Михаил Козачков өзінің телеграмм-арнасында жариялады. Кадрлар екі адамның бір-біріне соққы жұмсағанын кейін нәтижесінде олардың біреуі баспалдақпен төмен қарай құлайтынын көруге болады.
Бұл видео төбелестен кейін түсірілген. Төменде жәбірленушіге көмек көрсетіледі. Жекпе-жектің қатысушысы басқа адаммен қысылып-қымтырылмастан еркін сөйлескенін көруге болады.
Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері арасындағы жанжалдың болғанын растады. Олардың бірі бас-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылған. Екіншісі қызметінен шеттетіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша әл-Фараби АІЖ-де тіркелді. Күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.