Шымкенттегі жарылыс кезінде жарақат алған санитар әйел ауыр жағдайда - Дәрігер
Шымкентте перинаталдық орталық жанында болған жарылыс салдарынан жарақат алған санитар қызметкерлерінің бірі жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Алайда екінші санитар әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Облыстық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Шыңғыс Сейілбаев жарылыстан кейін мекемеге төрт адамның жеткізілгенін мәлімдеді. Тағы төрт адам қалалық ауруханаға жеткізілген.
"Жансақтау бөліміндегі науқастың жағдайы ауыр. Қалған науқастардың жағдайы орташа", – деді ол.
Жарылыстан зардап шеккендердің негізгі бөлігі – медицина қызметкерлері.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды