AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі футбол алаңында матч кезінде шатыр құлап, ойын тоқтатылды

Шымкентте “Ақсу” мен “Ордасбасы” арасындағы матч қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Тура ойын кезінде шатырдың бір бөлігі алаңға қарай құлап кетіп, командалар арасындағы тартыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ойыншылар мен жанкүйерлер арасында зардап шеккендер жоқ. Осы кезде мегаполисте қатты жел соққан.

“Ақсу" және "Ордабасы" командалары арасындағы футбол матчы кезіндегі шатырдың опырылуы фактісі бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

"Бүгін "Әл-Фараби" РҰП-тың 102 пультіне стадионның шатырының опырылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Осы фактіге орай полицейлер 1-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 278 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiндегі "Сапасыз құрылыс" бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында.



21 мамыр күні Шымкентте Әл-Фараби ауданы Майлы қожа көшесінің бойында желдің күшеюінен дауыл екпіні 20 м/с жеткен. Салдарынан Қажымұқан стадионының бас ғимаратының шатыры құлады. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері жел жұлып кеткен шатырды бөлшектеп жатқанын хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр