Шымкентте оқушы қыздар боди массажист болып жұмыс істеген
Шымкентте 15 жастағы оқушылар ересек ер адамдарға боди массаж қызметін көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Egovpress Telegram арнасының мәліметінше, жасөспірім қыздар бұл жұмысты интернеттегі хабарландырулар арқылы тапқан. Олар ер адамдарға дене массажын жасап келген. Алайда боди массаждың классикалық массаждан айырмашылығы мұнда клиенттердің тек денесіне ғана емес, интимдік аймақтарына да массаж жасалады.
"Аталған факт биыл мамыр айында анықталды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысы бар адамдар анықталып, полицияға жеткізілді", — деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Шымкент қаласында 9-сыныпта оқитын жасөспірім қыздар көпқабатты пәтердің бірінде еркектерді қабылдап, боди массаж жасағаны туралы жазғанбыз.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады