Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте күйеуін тапсырыспен өлтірген келіншекке сот үкімі шықты

Шымкентте өз күйеуін тапсырыспен өлтірген келіншек сотталды. Қаладағы мектептердің бірінде психолог болып жұмыс істеген ол жолдасының көзін құрту үшін 1 миллион теңгеге туған жиені арқылы "киллер" жалдапты. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаскөй ер адамды жұмыстан қайтып келе жатқанда 5 жерінен пышақтаған. Бірнеше мәрте сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде, қылмыскерлердің барлық іс-әрекеттері дәлелденіп, ұзақ жылға түрмеге жабылды.

"Азаматша Д. Т. Т  қылмыстық кодекстің 16 шілде 1997 жылғы нұсқасы бойынша, 28 бабының 3-ші бөлігі, 96 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес кінәлі деп тауып, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолданды. Ал, Тілеубергенов Жеңіс қылмыстық кодекстің 1997 жылғы нұсқасы бойынша 96 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Оған осы аталған қылмысты жасағаны үшін 16 жыл мерзімге бос бостандығын айыру жазасы тағайындалды", - деді судья Сәмиддин Темірәлиев.



Ал тапсырысты орындаушы адамды тапқаны үшін келіншектің жиені 7 жылға сотталған.

Айта кетейік, бұл оқиға 2012 жылы болған. Ерлі-зайыптылар арасында жиі жанжал туындай берген соң,
жұбайы күйеуін өлтірткен. Алайда ауыр қылмыс 8 жыл дегенде ашылған. Оның өзінде әлгі әйелдің жиені қаза тапқан жездесін жиі-жиі түсінде көре берген соң, полицияға өзі барып мойындаған екен. Бұл аралықта тапсырыс беруші келіншек жәбірленуші ретінде өтіп жүрсе, "киллер" мұнан бөлек тағы 2 адамды өлтіргені үшін түрмеде отырған. Ерлі-зайыптылардың 2 қызы бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр