Шымкентте баспаналы болу үшін "пара" берген әйел әкімдікке келіп, шу шығарды
Шымкент әкімдігінде күлкілі оқиға орын алды. Қала тұрғыны жергілікті шенеуніктердің біріне ақша бергенін айтып, әділдік талап етіп келді. Тұрғынның айтуынша, ол баспана басқармасаның төрайымы Жанат Өтебаеваға үй кезегін жылдамырақ жылжытып беруі үшін 200 мың теңге берген. Осы ақшаға оған жаңа тұрғын үйден пәтер уәде етіліпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырарға" сілтеме жасап.

"Бұл әйел менімен телефон арқылы тілдескенін айтты. Әрине, мен телефон нөмірін көрсетуді сұрап, хабарластым. Тұтқаның арғы жағындағы әйел өзін баспана басқармасының басшысы Жанат Өтебаева деп таныстырған кезде қатты таңғалдым. Мен пәтерлі болғым келетінін айтып едім, ол өзінің шарттарын қоя бастады. Ақырында шыдамай, Жанат Өтебаева екенімді айттым. Алаяқ мені балағаттап, тұтқаны қоя салды", – дейді баспана басқармасының басшысы.
Жанат Өтебаева полицияға шағым түсіріп, алаяқты жазалауды талап етті. Ол қала тұрғындарын бейтаныс адамдарға сенбей, біреуге ақша жібермес бұрын ақпаратты тексеріп алуға шақырды.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты