Шығысқазақстандықтар "Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical" пирамидасына 350 миллион теңгеден астам қаражат салған
"Chia Tai – Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі таңда, Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті "Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical" қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Аталған қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін "Telegram" мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания атанып, салымшылардан заңсыз ақша алған.
"Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды", – делінген хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды