Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда алғаш рет кене шаққаннан боррелиоз жұқтыру дерегі тіркелді

Өскеменде 1904 адам кене шаққанын айтып, ауруханаға жүгінген. Риддерде кене энцефалитін жұқтыру фактісі расталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Өскеменнің бір тұрғынына кене боррелиозы диагнозы қойылды. Ал үш тұрғын талдау анализінің нәтижесін күтіп отыр.

Кене боррелиозы немесе Лайм ауруы – кене шаққанда жұғатын инфекциялық ауру. Оны емдеу үшін үш аптадай уақыт кетеді.

Өскемен, Риддер қалаларында және өсімдіктері тығыз 7 таулы аймақта тұрғындарды кене көп шаққан. Дегенмен облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп саналды. Санитар дәрігерлер өткен жылы ауруды жұқтырғандар бірнеше есе көп болғанын айтты.

“1904 адамды кене шақты. Оның 1802-сі, яғни 95%-ы иммуноглобулинді серопрофилактика алды. 102 адам кеш өтініш бергендіктен серопрофилактиканы алмаған. Кене энцефалитін Өскемен, Өскемен қаласының іргесі, Алтай облысы, Катонқарағай ауданы, Риддер тұрғындары жұқтырған”, – деді Өскемен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысының қызметін атқарушы Сәуле Слямғазина.

Талқылау